Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлібек Әлденей Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды

Әлібек Әлденей Nur Otan партиясының хатшысы қызметіне келді. Бұл туралы Бауыржан Байбек өзінің twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлібек Әлденей

«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan» хатшысы болып тағайындалды», – дейді Бауыржан Байбек. 

Әлібек Әлденей – Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Әртүрлі жылы мәдениет және ақпарат министрлігінде, халықаралық бағдарламалар орталығында, «Самұрық-Қазынада» жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап «Алматы» телеарнасын басқарды. Сәуір айынан бастап Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының басшысы болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр