Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желілердің жұлдызы тікелей эфирде достарымен бірге көз жұмды (видео)

Пәкістандағы танымал блогер Даниял Хан мен оның үш досы жол апатынан көз жұмды. Сұмдық апат желідегі тікелей эфир кезінде орын алған.

Әлеуметтік желілердің жұлдызы тікелей эфирде достарымен бірге көз жұмды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жастар Исламабадта көлікпен қыдырып, желіде тікелей эфир жүргізген. Осы кезде көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, жоғары жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысады. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көлікте болғандардың ешбірі тірі қалмады.

 

Жантүршігерлік апат желідегі тікелей эфирге түсіп қалған. Хан мен оның достары 20-22 жас аралығында болған екен.

Даниял Ханды әлеуметтік желілердің жұлдызы атаған. Оның TikTok желісінде 200 мыңға жуық, ал Instagram-да 40 мыңға жуық жазылушысы болыпты. 

Талқылау