Әлеуметтік көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс – Тоқаев
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысына егін жинау науқанының барысымен танысу үшін арнайы келген президент жиында Жолдауда айтылған масылдықты тағы көтерді.
“Мен Астананың мысалында көп проблеманы ашатын көші-қон мәселесін көтердім. Астананың 400 мың тұрғыны елеусіз қалған. Әкімдік осы адамдармен жұмыс істеуге, жұмысқа орналастыруға, қызмет көрсетуге мәжбүр. Бұл бір қаланың халқы деген сөз. Бірақ бұл статистикада ескерілмеген. Бұл жүзден астам көмек түрін көрсетуді білдіреді. Қазақстан әлеуметтік мемлекет. Біз әлеуметтік көмектен ешқашан бас тартпаймыз. Бұл біздің Конституция бойынша міндетіміз. Бірақ, бұл салада тәртіпті жолға қою керек. Әлеуметтік көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс. Еңбек ете алатын адамдар жұмыс істеп, өзін, отбасы мен ата-анасын асырауға тиіс. Менің Жолдауымның мәні де осында. Өйткені бұлай өмір сүруге болмайды. Астанада қала бюджетінің 60%-ы әлеуметтік мұқтаждықты жабуға кетеді. Бұл жерде көмекті қысқарту керек. Мен президент ретінде бәріне жауапкершілік аламын, мен айтпасам кім айтады? Қазір үкімет бұл саланы қайта тексеріп, жұмыс істеп көрді. Ашығын, проблема бары екенін, оны шешу керек екенін айттым. Мына жерде күні-түні жұмыс істейтін адамдар бар, олар неге жұмыс істемейтін адамдарды екі-үш есе қамтамасыз етуі керек? Өздері еңбектенуі керек", – деді президент жиында.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында аймақтардағы әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру керек екенін айтқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік