Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең қымбат футболшысы 200-ші голын соқты

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе футболдан Франция чемпионатының 25-туры аясында "Марсельмен" (3:0) матчта дубль жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

мбаппе

Осылайша ол 200 гол соқты және команданың үздік бомбардирлері арасында Эдинсон Каванимен бірінші орынды бөлісті.

Жеңіс ПСЖ-ға 60 ұпай жинауға және екінші орында тұрған "Марсельден" (52) сегіз пунктке шығуға мүмкіндік берді.

4 наурызда ПСЖ "Нантқа" қарсы, ал келесі күні "Марсель" "Реннге" қарсы ойнайды.

Естеріңізге салсақ, Мбаппе 2022 жылдың ең қымбат футболшысы атанған еді. Сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанғаны хабарланды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 27 Ақпан, 2023 13:16