Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі орыс тілін үйренушілердің саны КСРО ыдырағаннан бастап 2 есеге төмендеді

Минбрнаук сарапшыларының мәліметтері бойынша, 2018 жылда әлемде орыс тілін үйреніп жүрген шетелдіктердің саны екі есе дерлік қысқарды. Олардың болжамына сәйкес, орыс тілін үйренуге қызығушылық пен орыс тілінде сөйлейтін адамдардың саны әлі де төмендей бермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеп.

Орыс тілін шет тілі ретінде оқып жүрген және мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар саны әлемде шамамен екі есе төмендеді. Бұл туралы ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты әлеуметтік зерттеулер орталығының баяндамасында айтылды. Баяндама білім беру министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалды.

Орыс тілі қазір әлемде оныншы орынға ие, оны 27 елде пайдаланады, делінген құжатта. "Әлеуметтік орталықтың" мәліметтері бойынша, егер 1990 жылдардың басында орыс тілін игерген адамдар саны 74,6 млн адамды құраса, 2004 жылға қарай 51,2 млн адамға дейін, ал 2018 жылға қарай 38,2 млн адамға дейін қысқарды. Бұрынғы КСРО елдерін есепке алмағанда бүкіл әлем бойынша орыс тілін меңгергендер саны посткеңестік кезеңде 20 млн адамнан 1 млн-нан сәл астам адамға дейін төмендеді.

Орыс тілін әсіресе Шығыс Еуропа мен Балқанда меңгеру аз. Онда 2015 жылға қарай 38 млн-нан  8 млн орыс тілінде сөйлейтін адамдар қалды. Бұрынғы КСРО елдерінде орыс тілінде сөйлейтін 119,5 млн-нан 82,5 млн-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар, АҚШ, Канада, Австралия және Жаңа Зеландияда орыс тілін меңгергендер саны 1,2 млн — нан 4 млн-ға дейін өсті.

Әлемде орыс тілін меңгерушілер саны қалпына келеді, бірақ бұл барлық жерде болмайды, деп есептейді "Россия в глобальной политике" журналының бас редакторы Федор Лукьянов.

Оның пікірінше, Ресей өз мәдениетін өсіру үшін еуропалық елдерге қарағанда белсенді емес.  "Франция, Германия, тіпті Швеция белсенді тілдік және мәдени саясатты жүргізуде, біз де әзірге бұл басымдық жоқ", — деп есептейді Лукьянов.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қарин Алматының атауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ерлан Қарин: "Идея айтылғанымен мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірмейді"

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш

Елордада Сейфуллин, Жансүгіров, Майлинге арнап жаңа ескеркіш орнатылды

Үш арыстың туыстары: "Бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет"

Бас прокуратура қазақстандықтарды 16 желтоқсанға қарсы заңсыз митингке шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады

Тоқаев Алматының атауын өзгертуді қолдады: Олжас Сүлейменов қандай нұсқа ұсынды?

Олжас Сүлейменов бірінші болып Алматының атын өзгерту петициясына қол қоюға дайын

Қазақстандық әнші-боксер Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Ескендір Ибрагимов екінші раундта қолының сынғанына қарамаған

Өліп қала жаздады: Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған

Алматы облысында неміс овчаркасы баланы талап тастады

Овчарка жәбірленушінің отбасына тиесілі

"Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан 20 жасар Мадина Батық қатысты

Мұғаліммен болған жанжалдан соң Түркістан қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан мұғалім алдында кешірім сұрады
Çàãðóçêà...