Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Melbourne Mercer Global Pensions Index халықаралық консалтингтік ұйымы және Мельбурндағы Монаша университетінің қаржы зерттеу орталығы бірігіп, әлемдегі ең үздік 11 елдің зейнет жүйесінің рейтингін жариялады. Аталған зерттеуге 37 мемлекет қатысқан, ғаламшардың 60 пайызы өмір сүретін елді аймақтар іріктелініп алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталдыЕң қызығы, мамандар өздерінің зерттеуіне Ресейдің зейнет жүйесін қоспаған, ал рейтингтің көшін Нидерланды және Дания мемлекеттері бастап тұрған көрінеді: бұл мемлекеттер 81 ұпайдың 80,3%-ін жинаған. Бұл нәтиженің қорытындысына сәйкес, аталған көшбасшы мемлекеттер тұрақты әрі сенімді табыс әкелетін зейнет жүйесі қалыптасқан А тобындағы елдер қатарына қосылды. 

Австралия үшінші орынды иеленіпті. Оның көрсеткіші 75,3 ұпайды құрап, В+ тобындағы жалғыз мемлекет болып ілініпті. Ал қалғандары болса 75-тен де төмен ұпай жинаған. 

Сингапур туралы 20 қызықты мәлімет >>>

В тобындағы елдер қатарына Финляндия, Швеция, Норвегия, Сингапур, Жаңа Зеландия, Канада, Чили, Ирландия, Швейцария және Германия мемлекеттері кіріпті. Олардың ұпай көрсеткіші 65 пен 75-тің арасын құраған. 60 және 65 арасында ұпай жинап, келесі С тобындағы мемлекеттер ішінде Ұлыбритания, Гонконг, АҚШ, Малайзия, Франция бар.

Рейтингтің соңында Таиланд (39,4), Аргентина (39,5) және Түркия (42,2) мемлекеттері жайғасыпты. Олар D тобына кіріпті. Зерттелген мемлекеттер арасында зейнет жүйесі Е тобына лайық ешкім болмапты. Бұл дегеніміз Е тобына жатқызылған мемлекеттерде зейнет жүйесі мүлдем дамымаған дегенді білдіретін еді. 

Зерттеу барысында бірнеше критерийлерге жіті көңіл бөлінген. Ең маңыздыларының ішінде «Тұрақтылық», «Тұтастық» және «Жеткіліктілік» критерийлері болды. Мысалы, «Жеткіліктілік» зейнетақы жүйесінде маңызды рөл атқарады, бұл критерий бойынша зейнетақы сомасының мөлшері қарастырылған.

Атап айтарлық жайт, Қазақстан бұл зерттеуге қосылмаған. Сондықтан да, мемлекетіміз қай топта екендігі білу мүмкін болмады. 

 

Талқылау