Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде құс тұмауы өршіді: Вирустан азық-түлік қорларына қауіп төніп тұр

Құс тұмауы бүкіл континенттерге таралып, соның кесірінен бүкіл әлемдегі азық-түлік қорына зияны тиюде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап.

құс тұмауы

Соңғы зерттеулер құс тұмауының барлық континенттерге таралғанын көрсетті. Жабайы құстардың арасында да инфекция анықталды.

Төрт континенттегі 20-дан астам сарапшылар мен фермерлердің айтуынша, вирустың жабайы аң-құстардың арасында таралуы құс фабрикаларындағы аурудың көбейе түсетінін көрсетеді. Демек, бұл әлемдегі азық-түлік қорына қауіп төндіреді.

Індет Америкада, Еуропада, Азияда және Африкада жиілеп кетті. 15 ақпанда Уругвай мен Аргентинада билік вирусқа байланысты төтенше жағдай жариялады.

Сарапшылардың пікірінше, вирустың таралуына бұрынғыдай жылу немесе аяз әсер етпейді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 16 Ақпан, 2023 07:31
Талқылау