Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлем жетпейді": Сәкен Майғазиев Алматыны қаншалықты жақсы көретінін айтты

Сәкен Майғазиев Алматыны қаншалықты жақсы көретінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Алматыда тұратын өнер иесі бұл қаланың өзінің өмірінде қаншалықты орын алатынын ашып айтты. Сүйікті қаласын жер көкке сыйғызбай мақтаған өнер иесі әлемнің керемет қалалары да Алматыға жете алмайтынын түсіндірді. Соған қарағанда өнер иесінің Алматыға деген ықыласы ерекше сияқты.

"Алматушечкам менің. Білмеймін, Нұр-Сұлтанға бір аптаға келіп кетуге болады. Бірақ, Алматы жақын. Алматыға әлем жетпейді. Алматыны ештеңеге айырбастамаймын", - дейді өнер иесі.

Дегенмен әншінің Нұр-Сұлтан қаласына деген сыйластығы жоғары. Ол еңселі елорданы туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

"Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты, баянды болсын. Жылдан жылға қарыштап, көркейе берсін. Нұр-Сұлтан  мәдениеттің, саясаттың, бірліктің әлемдік деңгейдегі қаласы", - дейді Сәкен Майғазиев.

Талқылау