Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлем көрген кеудеңді, әлдилеген сәбиге емізбексің бе ұялмай": Журналист Динагүл Тасоваға өлең арнады

Қазақ журналисі атышулы модель Динагүл Тасоваға өлең арнады. Модель жақын күндері ел алдында ашық сұхбат беріп, жағдайын айтқан болатын. 

Динагүл Тасова

Ерғанат Көпжасар желідегі парақшасында модельге арнаған өлеңін жариялады.

Жиырма бес ақ жасында
Ел алдында шешінген
Оу, Дина қыз тоқташы
Алжастың ба есіңнен
Бір еркекпен жаттым деп
Не әңгіме есірген
Қалмау үшін көшіңнен
Төстерін үрлеп өсірген
Сән үшін жалаңашпын деп
Кімге керек көсілген?
Қызының көріп анарын
Әкенің солды ау жанары
Қазақ қызы қашанда
Ар ұятымен бағалы.
Ибалы болсын ұрпақ деп
Ұл-қызын әке бағады
Модаң менен хайпың
Бәрібір артта қалады
Өзбекстанда шешінбей
Отаныңда ашылдың
Қазақпын деп соғасың
Айтшы, кімді басындың
Ұрпағы болсаң асылдың
Етегіңді жинар ең
Ақша үшін ар сатпай
Жұрт намысын силар ең
Өткенің тым тұманды
Қазақтығың күмәнді
Нәпсіңді жүрсің тия алмай
Жастықтың буын қия алмай.
Иттің басындай қой кеудең
Қос шүберекке сия алмай.
Ертең ана болғанда
Шашылған бақты жия алмай
Әлем көрген кеудеңді
Әлдилеген сәбиге
Емізбексің бе ұялмай...
Ұл бұзылса ұрғаның
Аулыңның шықпас сыртына
Қыз бұзылса құрығаның
Кесірі тиер ұлтыңа.

Бұған бей-жай қарамаған желі қолданушылары жарыса пікір жазды. 

"Айт айтпа қыздарга казір бәрі біргой оларга арнап өлең шығару кажеті жоқ", "Мықты жазылыпты өлең", "Қиын жағдай. Жаңа бағыт, заманауи уақыт деп дақбырттап барамыз. Сол жарияның зияны екі есе емес-ау, мың есе ұлттың қасиетін қадірін жоюда. Сəукеле бас киімнің бір түрі, оны жалаңаш денемен кидік. Оған уладық шуладық ешқандай жаза қолданбадық. Мына бикеш сұлулық əлемін жалаңаш тілін шығарған сұрқияның кейпімен көрді жəне оны дəл солай жария етті. Артта мыңдаған қазақ деген ұлттың намысы түгілі кейпіне бұрылыпта қарамады. Аузын дүрдейтіп эстетиканың этикеті деп сайрауда. Бірақ ол олай емес қой. Қыз бала нəзіктің символы. Оның шашынан бақайының ұшына дейін жасырын. Ал өзі жұмбақ болады деп өстік. Кеуде көкірек ол киелі. Айқайлата айқын көрсетердей анайы қылығы жабайылықпен тең. Біз осылай көз жұма береміз. Бəрі асқына береді, асқынған дертке кім дауа тапқан?! Ұлт, намыс қалды. Өйткені жазалар заң жоқ. Əттең...", - деп жазды олар.


Фариза Оңғарсынованың ең үздік 10 өлеңі

Талқылау