Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионатындағы ең "күшті" голдардың рейтингі жасалды: Роналду мен Мбаппе алғашқы үштікке ене алмады

ФИФА соққы күші мен қашықтығына қарай әлем чемпионатындағы үздік 10 голдың тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гол

Рейтингті мексикалық Луис Чавес бастады. Ол Сауд Арабиясының қақпасына 29 метр қашықтықтан гол соққан. Ал доптың жылдамдығы сағатына 121,69 шақырымға дейін жеткен. 

1xbet

Ал португалиялық Криштиану Роналду бұл тізімде тек 4-орынға жайғасты. Ол 11 метрліктен Гана қақпасына гол салған, ал доптың жылдамдығы сағатына 117,39 шақырым болған. 

Франциялық Килиан Мбаппе тек 8-орынға ұрақтады. Ол Польша қақпасына 18 метрден гол соққан. Доптың жылдамдығы сағатына 113,74 шақырым болыпты. 

Айта кетейік, әлем чемпионатының ресми добы осы сынды мәліметтерге есептеуде көмектесетін технологиямен жабдықталған. 

Талқылау