Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы әлемдік рейтингтің көшбасшысын жеңіп, финалға өтті

Еркін күрестен қазақстандық спортшы Дәулет Ниязбеков Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Салмақ категориясы 65 келіге дейінгі жартылай финалда Үндістаннан шыққан Баджранг Пуния Ниязбековтың қарсыласы болды. Пуния —  әлемдік рейтингтің көшбасшысы. Оның қоржынында әлем чемпионатынан алған күміс пен қола медаль, Азия чемпионатында жеңіп алған екі алтын және Азиаданың бір алтыны бар. 

Әлем чемпионатында шеберлігін көрсеткен Ниязбековтың арқасында Қазақстан 2020 жылы өтетін Олимпиадаға лицензия алды. 

Азияның үш дүркін чемпионы Дәулет Ниязбеков ертең, яғни 20 қыркүйекте әлем чемпионатының ақтық сайысына шығады. Турнир "Барыс-Аренада" өтіп жатыр. 
 

Талқылау