"Әлем аруы" байқауына Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды
"Қазақстан аруы-2022" байқауының жеңімпазы Томирис Кәкімова "Әлем аруы" байқауында ел намысын қорғайды. Бұл туралы байқау ұйымдастырушылары әлеуметті желідегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/tkakimova
“Қазіргі уақытта ару халықаралық сұлулық байқауына қатысуға дайындалып жатыр, онда ол басқа елдердің өкілдерімен әлемдегі ең әдемі ару атағы үшін бақ таласады. Томирис шешендік өнерін, талантын дамытуда, сахнада жүруді жаттықтырып, тілдерді үйренуде. Томириске сәттілік тілеп, ол үшін елімізбен бірге жанкүйер боламыз”, – делінген жазбада.
Томирис Кәкімова Гумилев атындағы халықаралық құқық мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін тәмәмдап, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде құқықтану магистрі дәрежесін алған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген