Соңғы жаңалықтар

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шамалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Шамалған станциясында болған ірі жол апатынан жолаушылар осы күнге дейін көп адамның пойыз басып көз жұмғанын айтып шу шығарды. Осы орайда олар көп жылдан бері көпір сұрап келе жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап. 

Шымалған

Ірі жол апаты 15 қыркүйек күні сағат 19:20 кезінде болды. «Екатеринбург-Алматы» бағытында қозғалып келе жатқан пойыз автобуспен соқтығысты. Апаттан үш адам зиян шекті: әйел мен екі бала. Сондай-ақ, жүргізуші көз жұмды. 

Автобус ішінде отырғандар жүргізушінің көпке дейін есік ашпай қойғанын айтып ашынды. Алайда олар бұл жағдайға жүргізушіні кінәламайтынын жеткізді. 

«Шыны керек, көзі байланып қалды. Міне, Құдай тұр ғой. Бәріміз – халық, әйел адамдар, бала-шаға шулап жатырмыз. Бәрі «Есікті аш» деп айтып жатыр. «Көзі байланған» деген нәрсе жаман екен. Есікті аша алмай қалды ғой. Бір фары бар пойыз келе жатты. Автобус іші адамға толы. Алды мен артында кептеліс. Ортада шығатын жер жоқ. Шыны керек, күнде осы. Шыны керек, жүргізуші ашпай отырды. Өліп кетті. Мына жерге көпір керек», - деп ашынды автобус ішінде болған жолаушы Қайратбек Қалдықұлов. 

Тағы бір азамат көптен бері көпір сұрап, салдыра алмай жүргенін жеткізді. Айтуынша, осы күнге дейін пойыз басып көз жұмғандар саны көп. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

«20 жылдан асты. Мына жерде күнде жолдамыз. Кешкісін үлгермейміз, өту мүмкін емес. Жаяу өткен адамдарды қаншама пойыз қақты. Осы күнге дейін 7 адамнан көп өлді. «Көпір саламыз» дейді, бірақ салынбайды. Бізге көпір керек. Мына жерде біреулер, милициялар «Жүргізуші кінәлі» дейді. Жоқ, жүргізуші кінәлі емес», - деді азамат. 

Естеріңізге сала кетсек, Шамалған станциясында ірі жол апаты болып, үш адамның жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабарлаған едік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жағдайға байланысты көңіл айтты

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...