Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы күндері елімізде нөсер жаңбыр сақталады

Биылғы жылдың 11-13 маусым күндері Қазақстанда нөсер жаңбыр сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомсвто мәліметінше, республиканың батыс облыстарынан басқа өңірлерінде тоқтаусыз жауған жауын биіктіктегі барикалық жырамен байланысты. Сол арқылы Баренц теңізі мен Солтүстік Оралдан тропосфералық салқын және ылғал ауа келуде. 

«Алдағы үш тәулікте мемлекет аумағына салқын және ылғал ауаның кезекті келуімен өзгерістер күтілмейді. Бұрынғыдай өңіріміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы, найзағай мен өткінші жаңбыр, республиканың таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде қатты жаңбыр күтіледі»,- делінеді хабарламада. 

Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3-5°С төмен болады. Тек батыс және оңтүстік-батыста жоғарғы атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз әрі ыстық ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы 30-38°С-қа дейін жоғарылайды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр