Алдағы демалыс күндері елімізде 40 градус ыстық болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ жауады деп болжанады.
Тек 1-2 шілдеде солтүстік және орталықта, 2-3 шілдеде шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
3 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
1-2 шілдеде батыста, 2-3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады.
Ауа температурасының күндіз батыста +27+35 дейін, солтүстік-батыста +22+32 дейін, солтүстікте, еліміздің орталығында +30+35 дейін, шығыста +25+33 дейін, оңтүстік-шығыста +32+37 дейін жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон + 32+40 болжанады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"