Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Алаңға шығу - бір қолыңды кесіп тастаумен тең": Әбілдина митинг туралы

Қарақат Әбілдина ұрпақтың болашағы үшін шеруге шықпауға шақырып, пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында митингке қатысты пікір білдірді. Мәселені көтеріліспен емес, біліммен, ақылмен шешкенді жөн көретінін жасырмады әнші. Қарақат Әбілдина тыныштық пен бейбіт өмірдің маңызды екенін түсіндіруге тырысып баққан. Сонымен қатар, әнші халық пен биліктің қарым-қатынасын айқындап берді.

"Халық биліксіз болмайтыны сияқты, билік те халықсыз болмайды. Біреуі оң қол, біреуі сол қол сияқты тұтас ұғым. Көзқарасыңды алаңға шығу арқылы білдірудің түбі жақсы емес, бір қолыңды кесіп тастаумен тең. Халық пен билік арасына іріткі салып, «Аққу, шортан, һәм шаян» сияқты болуымызды қалап отырғандар жоқ екеніне кім кепіл? Бәріміздің қалайтынымыз – тыныштық, бейбіт өмір. Ешқайсысымыз баламыздың қақтығысқа, арандашулыққа толы қоғамда өмір сүргенін қаламаймыз. Мәселені көтеріліс, төбелес, күш қолдану арқылы шешу заманы әлдеқайда артта қалған, дәл қазіргі қоғам – бәрін оқу-білім, бейбіт келісім арқылы шешетін заман деп ойлаймын", - дейді Қарақат Әбілдина.

Алладан тыныштық тілеп, еліміз үшін ең дұрыс шешім қабылдаған жөн дейді өнер иесі. Балалары қару тасып, жеуге тамақ, ішерге су таппай отырған мемлекеттер жайлы бір сәтке ойланып, болашағымыздың қамын жасап, ұрпақтың ертеңін ойлаған дұрыс дейді әнші.

"Бір жапырақ та Алланың қалауынсыз үзілмейтін болса, мемлекет басшысы да Алланың қалауынсыз тағайындалмайтыны сөзсіз. Көтеріліс арқылы мәселе шешілгенін көрген емеспін, олай болса не қаласақ та Алладан сұрайық, Алладан тілейік. Ең бастысы, біздің қоғам үшін, еліміз, жеріміз үшін не қайырлы – сол болсын! 
Әлемнің түкпір-түкпірінде халқы аштан өліп, балалары екі ортада қару тасып өсіп келе жатқан елдер де бар! Мүдделер қақтығысында зардап шегетін кім? Балалар. Дәл өзіміз «Баламыз үшін» деп өмір сүретін халықпыз. Ұрпағымыздың болашағын ойласақ – сабырға келе білейік", - деп жазды өнер иесі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр