Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағалауда балаларын суретке түсірмек болған әкесі оларды құтқарып қалды

Американың Флорида штаты Нью-Смирна-Бич қаласында ер адам суретке түсірем деп балаларының өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкесі жағалаудағы балаларын суретке түсірмек болғанда оларға жақындап келе жатқан акуланы байқайды. 

Дэниел Уотсон отбасымен және достарымен бірге жергілікті жағалауда демалуға барған. Бірнеше сурет кадрларын жасамақ болған әкесі кездейсоқ жыртқышты байқап қалды. Дрон жоғары көтерілгенде камера судағы балаларға жақындап келе жатқан көлеңкені байқайды. Уотсон әйеліне айтып, балаларды сыртқа шығартады. 

Жағалауда балаларын суретке түсірмек болған әкесі оларды құтқарып қалды

Сол күні ол суреттерді қарап отырып акуланың денесін байқайды. Мұны балаларына көрсетеді. Сондай-ақ осы күні акула бір адамға шабуыл жасағанын  айтады.

"Біз осы сәттен бастап судан аулақ жүреміз, жағалауда құмнан бекініс жасаймыз", - деді Уотсон.


Марқұм болған жігіт өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті >>>
Талқылау