Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева көпшіліктің көзінше Уәлибек Әбдрайымовтан кешірім сұрады

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзінен кешірім сұрауын талап еткен Уәлибек Әбдрайымовқа жауап беріп, 14 жылға созылған даудың соңғы нүктесін қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Paradox” бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай Жұлдызайға: “Шаншар” театрының директоры Уәлибек Әбдрайымовты қалай ренжітіп алдыңыз?” деген сауал қойды. Актриса: “Ол үлкен кісі ғой. Адам жасы үлкейген сайын ренжігіш болады екен. Ол кісі менен жиырма жасқа үлкен. Менің өзім біреу бір нәрсе десе, өзіме қабылдап, жылап қаламын. Мен Уәкең туралы еш жерде “Осы кісі оңбаған, осының кесірінен аш қалдым” деген емеспін. Бірақ біреулер Уәкеңе солай жеткізіпті. Мен ол кісінің алдында дұрыс емес нәрсе жасадым деп ойламаймын. Уәкеңді жақсы көремін. “Қанша жерден мені тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберсеңіз де, тіземді қағып, қайтадан мойныңыздан құшақтаймын” деп өзіне айтқан болатынмын. Уәкең мен үшін орны бөлек адам, “Шаншар” қарашаңырақ болып қалады. Сонда өстім, өндім. Ол кісіге ешқандай өкпем жоқ”, – дейді Жұлдызай.

Десе де, актриса кішілігін көрсетіп, көптің көзінше Уәлибек Әбдрайымовтан кешірім сұрады.

“Егер қапыда ренжітіп, байқамай көңіліне тиетін сөздер айтып қалсам, дүйім жұрттың алдында кешірім сұраймын. Алланың разылығы үшін, кешіріңіз. Мен сізді жек көрмеймін. Осымен 14 жылдық әңгіме бітсін. Үлкен кісіге ештеңе демеймін, не айтса да, ұрысса да жарасады, өкпесі де орынды. Үйде әкеміз де ұрысады, ешқайда кетіп қалмаймыз ғой?!” – деді актриса ағасын әкесіндей көретінін меңзеп.

 

Талқылау