Ақтөбеде "Жыр - менің планетам" атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті
27 ақпан күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жергілікті жас ақындарды таныту, олардың шығармашылықтарын насихаттау мақсатында "Жыр - менің планетам" атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Ақындардың өнерін бағалаған қазылар алқасы:
- Айтыскер ақын, педагогика ғылымдарының магистрі - Жәнібек Бейбітов;
- Айтыскер ақын - Қайырхан Жұбаниязов;
- Орталық маманы - Ержан Қанатұлы.
Жыр додасына қатысқан 15 ақын екі кезең бойынша сынға түсті:
І кезең - "Елім деп соғар жүрегім" (патриоттық тақырыптағы өлеңдері);
ІІ кезең - еркін тақырып.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлде - Александр Маруаұлы (100 00 теңге);
І орын - Жеңіс Ормантаев (70 000 теңге);
ІІ орын - Назым Анешова (50 000 теңге);
ІІІ орын - Ақтоты Теңел (30 000 теңге).

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға және көрермендерге Абайдың қара сөздері кітабы табысталды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген