Ақтөбеде жас отбасылар арасында эстафеталық сайыс өтті
6 қыркүйек күні Отбасы күні мерекесіне орай "Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастыруымен қаладағы жас отбасылар арасында "Ынтымақты отбасы" атты эстафеталық сайыс өтті.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының мәртебесін арттыру жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілген эстафеталық сайыста 7 отбасы сынға түсті.
Сайыс 6 кезеңді қамтыды:
- І кезең - "Теннис"
- ІІ кезең - "Айналма"
- ІІІ кезең - "Серіктес"
- ІV кезең - "Шыныққан шымырлар"
- V кезең - "Дарабоз"
- VІ кезең - "Жүзден жүйрік"
Ойын нәтижесі бойынша "Қыран", "Береке" және "Жүйрік" командалары жеңімпаз атанды.
Сайыс соңында орталық басшысының орынбасары Айдарбек Самат жастарды Отбасы күнімен құттықтап, жас отбасылардың белсенділігі үшін алғыс айтып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтарға арналған сертификаттар табыстады. Сонымен қатар барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Талқылау