Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде террористердің сотына байланысты көшеде күзет күшейтілді

Кеше Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлардың соты басталды. Айыпталушы орындығында атыс кезінде тірі қалған 9 содыр мен олардың 20 сыбайласы отыр деп хабарлайды КТК.

5f6647eac928d62908e33c3718380122

Фото: BNews.kz

Бірақ әзірге олардың не айтып жатқанын адвокаттары мен прокурорлардан өзгелері білмейді. Өйткені судья істі жабық қарауға шешім шығарған. Сот залына айыпталушылардың жақындарын да жолатқан жоқ.

Таң атысымен Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі соттың ғимараты орналасқан көшеде көлік қозғалысы тоқтатылды. Тәртіп сақшылары сол маңды қоршауға алған. Соған қарағанда, маусымда ылаң салғандар ұсталғанымен, қауіп әлі сейілмеген сыңайлы. Ал алғашқы сот отырысына келгендерді тізіммен ғана жіті тексеріп кіргізіп жатыр. Бірақ сот ғимаратына сотталушылардың жақындарын маңайлатқан жоқ. Іштен бір хабар болар деген үмітпен олар да көшенің бұрыш-бұрышын сығалап жүр.

Ақтөбелік судьялар бұрын соңды 29 сотталушының ісін бір мезетте қарап көрген емес. Тіпті жауап берушілердің көптігінен ғимаратты қайта жабдықтауға тура келіпті. Ол үшін бөлмелерді қосып, қосымша дәретхана да салған.

“Сотталушыға осы соттың ғимаратында барлық жағдай жасалған. Оларға арнайы орнатылған санузелдер, раковина яғни барлық тұрмыстық жағдай жасалған. Сотталушының саны көп болуына байланысты осындай жағдай жасалды”, – деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Ал процесс барысын тілшілерге тек экран арқылы бақылауға рұқсат берілген. Оның өзінде дыбыссыз. Өйткені судья істі жабық қарауға шешім қабылдапты. Қазір жаздағы атыс кезінде тірі қалған 9 лаңкес жауап беріп жатыр. Олар қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімді шабуылдап, 8 адамды атып өлтірген еді.

Сол оқиға кезінде 23 адам жараланды. Олардың мұндай қылмысқа баратынын біле тұра тиісті орындғарға хабар бермеген 18 сыбайласы да сотталушылардың қатарында. Тағы екі жігіт лаңкестерді жалдамалы пәтерде жасырғаны үшін жазасын күтіп отыр.

Бұл сотқа енді жәбірленушілерден бөлек сырттан 48 адам қатыса алады. Өйткені оларды куәлік етуге шақырып отыр. Ал 201 томнан тұратын істі қарауды судья жылдамдататынын айтты. Себебі, процесс сайын көшені жауып, ғимаратты қоршауға алу оңай емес.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар туыстарының үйінде айдан артық қона алмауы мүмкін

Маңғыстау тұрғыны ұлын “бөтелке” ойынының талабын орындамағаны үшін өлтіргенін айтады

Мешіттегі оқиға: Бастан-аяқ қара киінген қыздар қазақ әжейдің оқыған намазын мазақ қылған

Ұлыбританияда денесі қанға емес суға толған нәресте дүниеге келді

Талқылау