Ақтөбеде мекеме мамандары арасында "Dostyq cup" шағын футболынан турнир өтті
22 ақпан "Жұмысшы мамандықтар" жылына орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекеме мамандарының қатысуымен "Dostyq cup" атты шағын футбол турнирі өтті.

Іс - шараның мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қала жастарының бойына жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау.
Шараның ашылу салтанатында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Әбуов сөз сөйлеп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жарыстардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыста мекеме жастары 2 кезең бойынша бақ сынасты:
- I. Топтық кезеңі
- II. Плэй-офф кезеңі

Сайыс нәтижесінде:
- І орын - "Barys" командасы;
- ІІ орын - "Ұстаз" командасы ;
- ІІІ орын - "Сот орындаушылар" командасы жеңіске жетті.

Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар орталық тарапынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген