Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде мал ұрлығымен айналысатындар бүтін бір ауылды үрейде ұстап отыр

Ақтөбеде мал ұрлығымен айналысатындар бүтін бір ауылды үрейде ұстап отыр. Жыл сайын 70-80 бас жылқысын үнсіз айдап кеткенге ауылдықтар амалсыз көніп келген. Себебі, полицейлерге сенім жоқ екендігін айтады. Тіпті, қылмыскерлерді анықтап, тауып берігеннің өзінде, артынша іс ашылмайтын болыпты. Әбден ашынған олар кеше аймақтың бас полицейінен араша сұрай келді. Құр араша сұрап қоймай, күдіктілерді қорғаштап отырған қарамағаңыздағылар екенін білесіз бе деп мәлімдеме жасады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? 

Ақтөбеде мал ұрлығымен айналысатындар бүтін бір ауылды үрейде ұстап отыр

Қамидолла Жүсіповтің әділдік іздеп жүргеніне бір жылдан асқан. Шаруа қожалығын ашып, кәсібімді дөңгелетем деген жоспарын ұрылар тас-талқан еткен. Бір түнде 13 бас жылықысын айдап кеткенде лезде полицейлерге арызданған. Тіпті, нәтиже болмаған соң, өзіме тергеуші болуға тура келді деп отыр, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы». 

«Менің 1 жылқымды алып берді сол жерде. Екі жылқыны сойып тастаған. Барлығы түсініктеме берді, дұрыс, біз мойындадық. Қай адамнан алғанын, қандай көлікпен келгенін, барлығын көрсетіп бердім. Содан жарты айдан, 1 айдан кейін тергеуші барады да, аналардың барлығы бас тартты дейді. Құрылымдық бөлімнің адамдарының қатысы бар ғой. Ембінің. Ол жерде 21 басты жалғыз адам қуып игере алмайды ғой. Оған жүрек керек, потенциал керек. Оған көлік керек», - дейді «Құлагер» шаруа қожалығының иесі Қамидолла Жүсіпов. 

Бұл жалғыз Жүсіповтің басындағы мәселе емес екен. Әйтеке би ауданына қарасты Талдық ауылында жыл сайын 70-80 бас жылқыны ұрылар алдына салып айдап кетуді әдетке айналдырған. Полицейлерден қайран болмағаннан кейін Қамидолла Жүсіпов өз малын өзі іздеуге шыққан. Әрі күдіктілерді таптым деп отыр. Бірақ осы күнге дейін іс бір орыннан қозғалмай тұрғанын айтады.

«Алимағанбетов Ерлан деген інісі бар, ол да ішкі істер органдарында істейді бірге. Менің жылқыларымды сатып, соның қызығын көріп жүр екен. Қайыңды деген жерде оның жылқышысы бар, арқасында қосауыз мылтық, басшысы – полиция басшысы., Ембінің иесі болғасын кімнен қорқады? Мылтықпен жүреді», - дейді Қамидолла Жүсіпов.

Әбден ашынған кәсіпкер облыстық полиция департаменті басшылығы ұрыларға тезірек шара қолдануын талап етті. 

«Қанат Базарбаевич, Омар Тәңірбергенович, тергеу басқармасының бастығы, криминалды полиция басқармасының басшысы, өзіндік қауіпсіздік басқармалары басшылары тергеу тобын құрып, бүгіннен бастап жіберіңдер ауданға, тиісті шаралар қолдансын. Мен өзім бақылауда ұстаймын, сіз де бақылауда ұстаңыз! » - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы  Махамбет Әбисатов.

Есептік кездесуде Ақтөбенің бас полицейі қарамағындағылардың соңғы уақытта қылмысты ашуға келгенде қауқарсыз екендігін мойындады.

Сиырқұйымшақтанып, әлі күнге дейін беті ашылмай келе жатқан қылмыстық істердің саны 2018 жылы көбейгенін айтты. 2017 жылы полицейлер құлшынып жұмыс істеп, өте жақсы көрсеткішке қол жеткізсе, бір жылдан кейін күрт құлдырапты. Бұған бірінші кезекте қызметкерлер мен басқарма басшыларының жұмысты ұйымдастыруда біліксіздігі себеп деді. Әрі қылмыс жасаушылардың 89 пайызы, ұры-қарының 80 пайызы жұмыссыздар екен. Бұл да көрсеткішке әсер етпей қоймайтынын түсіндірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр