Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде кішкентай қызды зорламақ болған қария ұсталды

Ақтөбедегі Нұр-Ақтөбе ықшамауданында егде жастағы ер адам кішкентай қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Ақтөбеліктер ер адамды қылмыс орнында ұстап алып, оны видеоға түсіріп, желіде таратып жіберген. Желіде тараған видеодан әйелдің егде жастағы ер адамға ұрысып жатқаны көрінеді. Ол қарияны кішкентай қызға азғындық әрекет жасамақ болды деп айыптады. 

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК «Кішкентай балаларды азғындыққа тарту» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

«Тексеріс жүріп жатыр. Қылмыстық істің аясында басқа ақпарат хабарланбайды», - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов. 
 

Талқылау