Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

35 жерден пышақтаған: Ақтөбеде әкімдік қызметкерін қатігездікпен өлтірген ер адамға үкім шықты

Ақтөбеде 47 жастағы әкімдік қызметкерін қатігездікпен өлтірген 29 жастағы такси жүргізушісіне үкім шықты. Күдікті марқұмға 35 рет пышақ сұқты деп айыпталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AlmatyTV арнасына сілтеме жасап. 

кұдікті

Сот ер адамды "Кісі өлтіру" бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырды. 

"11 жыл – максималды жаза. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Ол жазаны қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді. Сонымен қатар айыпталушыдан 10 миллион теңге өтемақы сұраған, алайда оның қазіргі жағдайын ескеріп сот моральдық өтемақы мөлшерін 8 миллион теңге деп белгіледі", – деді ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер сотының судьясы Нұрлан Бақтығалиев. 

Қанды оқиға ақпанның соғында болған. Мәдениет басқармасының бас маманы жұмысқа шығып, кейін жоғалып кеткен. Кейін туыстары әйелге іздеу жариялап, мәйіті келесі күні бөгде көліктің жүксалғышынан табылған. 

“Құжатта бауырына пышақ сұққаны, диафрагмаға тигені, мойынында үш жарақат бары жазылған. Алғашқы жарақат өте терең, мойнынан бастап артқы жағындағы сүйегіне дейін. Көліктің іші қан, еденге төселген резеңке қаннан жабысып қалған, әрең алыпты”, – дейді марқұмның ағасы Серік Қадырбаев. 

Мәлім болғандай күдікті мен марқұм ғаламтор арқылы танысқан. Алайда араларында жанжал болып, ер адам әйелді пышақтап тастаған. Марқұмның артында 16 және 18 жастағы қыздары қалды. 

Талқылау