Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 2 жасар бала 8-қабаттан құлап көз жұмды

Ақтөбеде 30 маусымда шағын мөлтек ауданында 2 жастағы бала 8-қабаттан құлады. Соның салдарынан бала қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбеде 2 жасар бала 8-қабаттан құлап көз жұмды

Осыған орай, Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарға балаларына сақ болуларын ескертеді. Көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерін балалар құламауы үшін арнайы құрылғылармен жарақтауларын ұсынады.

"Жаздың ыстық күндері ашық тұрған терезелер балалар үшін аса қауіпті аймақ болып табылады. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар көп жағдайда маскитті торларға сүйеніп, өздерінің қызығушылығы салдарынан қазаға ұшырып жатады. Ата-аналар сақ болыңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!", - делінген полиция хабарламасында. 

Талқылау