Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мыңға жуық оқушы білім алатын мектептен өрт шықты

Ақтөбеде 22 ақпан күні таңертең Сәтбаев көшесіндегі No23 мектепте өрт шықты. Ғимараттан 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Мектеп әкімшілігі оқыс оқиға кезінде ата-аналардан балаларын тез арада алып кетуін сұраған.

Оқиға орнына Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді. Белгілі болғандай, мектептің бірінші қабатындағы кеңсе өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 8:12-де сөндірілді.

“Өрт мектеп директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының кабинетіндегі электр сүзгісінің қысқа тұйықталуынан болған. Ол таңертең компьютерді қосып, өзі шығып кеткен. Оның кеңсесіндегі заттар өртенді, басқа шығын жоқ", - деді №23 мектеп директоры Әлия Қасымова.

Өрт бірінші ауысымға дейін басталған. Екінші ауысымда да сабақтар болмады. 

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 22 Ақпан, 2023 14:50
Талқылау