Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында журналистер отырған шағын автобус аударылды

Ақтөбе облысында журналистер отырған микроавтобус аударылып, 3 адам зиян шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобусСурет: Ratel.kz

Аталған жағдайға қатысты облыстық ішкі істер департаменті мен облыстық әкімдік әзірге ресми мәлімдеме жасамады. Тек ҚР ІІМ өз сайтында кішігірім ақпарат жариялады. 

«26 қаңтар күні сағат 09:30 кезінде «Самара-Шымкент» авто жолының 1024-ші километрінде, Ақтөбе облысы, Әйтекеби ауданы, Ұлғайсын ауылында жол-көлік апаты болды. Toyota Hiace көлігінің жүргізушісі Қарабұтақ ауылынан шығып Ырғыз ауылына қарай кетіп бара жатқанда жолдың оң жағына қарай аударылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жүргізуші мен 2 жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада. 

Артынша аталған автобусты облыс әкімдігінің арнайы журналистерге деп жалдап бергені белгілі болды. БАҚ өкілдері Шалқар ауданы әкімінің есебін тыңдауға бара жатқанда Қарабұтақ пен Ырғыз арасындағы жолда микроавтобус ұшып кетіп, үш рет аударылған. Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік апатына ауа райының қолайсыздығы себеп. 

Осы кезде көлікте 8 адам отырған. Жүргізушіні есік қысып қалып, қатты зиян шеккен. Ал журналистерден Ардақ Ерубаева қолын сындырып, Әлия Таласова да түрлі деңгейдегі жарақат алған. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. 

Талқылау