Ақтөбе облысында Қытай компаниясының жұмысшылары жиналып, жалақыны өсіруін талап етті

Ақтөбе облысында "Шығыс-мұнай және сервистік қызмет" Қытай компаниясының жұмысшылары жалақысын өсіруді талап етті. Компания кеңсесіне жиналған жұмысшылардың сөзінше, бұған дейін компанияда жалақының жұмысшылар сұрағандай 50 пайызға емес, 20 пайызға көтерілетінін уәде еткен. Алайда сөз күйінде қалыпты, деп хабарлайды КТК

Ақтөбе облысында Қытай компаниясының жұмысшылары жиналып, жалақыны өсіруін талап етті

Айтылған уәде толық орындалмаған соң ақыры наразылыққа шыққан мұнайшыларды Ақтөбенің атқамінерлері тыңдайтын түрі жоқ. Қайта қытайлардың сөзін сөйлеп жаны шығып жүр.

"Он бес күн үй көрмей тапқан табысымыз еңбегімізді ақтамайды", - дейді күйінген мұнайшылар.

"Талап – айлығымызды 50 пайызға көтерсін. Басқа  ештеңе бүлдіріп, қырыпжойып жатқан жоқпыз. Жұмысымыз ауыр. Шахтадан кейінгі ең ауыр жұмыс осы. 90 мыңмен жүрміз, әрі 120 мың алады", - дейді мұнайшы Нұрлан Шахин.

Наразылыққа шыққан мұнайшылармен кездесуге облыс әкімінің орынбасарынан бастап, еңбек инспекторлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері де келді. Шенеуніктер қытайлық инвесторлармен айлықты тек жиырма пайызға ғана көтеруге келісімге келгенін айтады.

"Бұлардың мекемесі – сервистік компания. Сервистік компания болғаннан кейін табыстары сервиске байланысты. Бүгінгі күні, дәл қазіргі жағдайда 20 пайыз көтерген жағдайда бұдан әрі көтеруге мүмкіндігі жоқ", - деп ақталды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Компанияның  бас директоры Чжан Баоцзюнь наразы топтың алдына кеңсесінен әрең шықты. Ол қара алтын бұрғылаудан түк пайда таппай, мекемесінің әрең күнелтіп отырғанын айтады. Бірақ мұнайшылар оның сөзіне сенбейді.  

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

«Иісі жаман екен»: Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді
Çàãðóçêà...