Ақтөбе облысында әйел кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді
23 наурызда Қандыағаш қаласында 3 және 11 жастағы балалардың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Рexels.com
Балалардың өліміне күдікті ретінде анасы ұсталды. Әйел – Атырау облысының тұрғыны.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін күйзелісте болған.
Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Тергеу жұмыстарын полиция басшылығы өз бақылауына алды.
- Семейде қоқыстан табылған нәресте шетінеп кетті: Тергеу басталды
- Алматы облысында өзеннен 4 жасар баланың денесі табылды
Бұған дейін Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылған еді.
Талқылау

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”

Депутаттың компаниясы тендерді жеңіп, 700 млн теңгеге жол жөндеген: Тұрғындар сапасыз асфальтты қайта төсеуді талап етті
Депутат Минасян Оганестің компаниясы жөндеу жұмысын кеш аяқтағаны үшін 11,5 миллион теңгені мемлекетке қайтарды