Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында әйел курортқа кеткен қызын полициямен іздеген

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында әйел қызына іздеу жариялап полицияға жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

30 тамызда Хромтау аудандық ішкі істер бөліміне әйел хабарласып, 23 жастағы қызы жоғалып кеткенін мәлімдеді. Әйел қызын күйеуі алып кетіп, күштеп ұстап отыр деген. 



Тергеушілер жоғалған қызы қай жерде болуы мүмкін екенін тексеріп, таныстары мен достарынан сұрап шыққан. Сөйтсе ерлі-зайыптының Ақтауға баратын пойыз билеттерін сатып алғаны анықталыпты. Келіншек көрші ауданнан табылған. Ол күйеуімен шипажайға кеткен.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 06 Қыркүйек, 2024 15:25