Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында әкесі мен оның кәмелетке толмаған үш баласы жол апатынан қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қайтыс болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ІІМ ресми сайты жазады.

актобе дтп 2

"21 ақпан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан", – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.



Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылған. Алайда өкінішке орай, 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылы туған үш кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп қосты полиция.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 22 Ақпан, 2023 13:22
Талқылау