Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Ақтөбе облысында актер Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан театрлары қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Ұжымға жаңа басшыны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев таныстырды. 

Белгілісі, театрдың жаңа басшысы 1990 жылы 2 шілдеде Ақтөбе облысының Хромтау қаласында дүниеге келген.

Олжас Ыбыраев 2010 жылы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжін тәмамдаған. Арада 5 жыл өткеннен кейін «Шабыт» қазақ ұлттық университетінің «драма театры және кино актері»мамандығына оқуға түскен.


Театр туралы қызықты деректер

Талқылау