Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе қаласының әкімі Instagram-да өзін балағаттаған тұрғынның үстінен арызданды

Instagram желісінде Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановты балағаттаған тұрғын жауапкершілікке тартылмақ. Әкім оның үстінен арызданып, полиция тергеу жүргізіп жатыр екен. 

Ақтөбе қаласының әкімі Instagram-да өзін балағаттаған тұрғынды сотқа берді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап хабарлайды. 
Instagram желісіндегі парақшасын өзі жүргізетін қала басшысы Ілияс Испанов өзін балағаттаған пікір қалдырушының үстінен арызданған. 

Полиция азаматқа қатысты «Билік өкілін қорлау, яғни жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасаған іс әрекеті» үшін қылмыстық іс қозғапты. Ендігі ол 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 400 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр