Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тоқ соққан адамға жедел жәрдем келмей қойған: Дәрігерлер жауап берді

Маңғыстау облысының тұрғыны электр беру желісінің мұнарасынан ток соғып құлап кеткен. Оқиға куәгері, жергілікті тұрғын Әділ Түрікменбаевтың айтуынша, жедел жәрдем шақырғаннан кейін  ешкім келмеген. Және өзі жедел жәрдем бекетіне жүгіріп барған. Осы оқиғаға байланысты дәрігерлер түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әділ Түркменбаевтың айтуынша, жедел жәрдем станциясында  медициналық қызметкерлер шай ішіп отыған жерінен түскен. Оқиға куәгерді ұялы телефонның камерасына түсіріп, Instagram-да жариялады. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, электр беру желісінің мұнарасынан құлаған ер адам шұғыл операция жасап, Маңғыстау облыстық ауруханасының хирургия орталығына жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам абайсызда құлаған, электр тогы соқпаған.

"Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының кезекші пультіне шақыру 16 сағат 28 минутта келіп түсті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы төрт минут ішінде жетті. Бұл шақыру бірінші санатқа жатады. Келген жерінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Науқас есінен танып жатқан. Кейін Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Науқас 1998 жылы туған, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Телекоммуникациялық компаниялардың бірінде байланысшы болып жұмыс істейді. Дәрігерлер сол жақ сүйектің жабық сынуы, жабық бас сүйек жарақаты, контузия диагнозын қойды.

"Зардап шеккен адамның ішкі қан кетуі қатты болды. Түнде шұғыл түрде операция жасалып, хирургтар ота жасады. Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық ауруханасының хирургия орталығына жатқызылды. Оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Есін біледі. Емдеу тағайындалады, дәрігерлердің бақылауында болады. Ауруханадан шығарылғаннан кейін одан әрі емді тіркелген жері бойынша емханада жалпы практика дәрігерінен ала алады", - деп толықтырды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бейнетүсірілім авторы атап өткендей, облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясында кешікпегенжәне шай ішпеген. Аға дәрігерге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Егер бақылаудың әлсірегені анықталса, тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдануы мүмкін.

Сонымен қатар, жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы қызметкерлері фельдшерлерге боқауыз сөз айтқан және өздерін агрессивті ұстаған адамдарға қатысты уәкілетті органдарға жүгінуге ниетті.

Еске салсақ, Мұнайлы ауданында ер адамды тоқ соғып, куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Алайда жедел-жәрдем келмей қойғаны туралы жазған едік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр