Соңғы жаңалықтар

Cыз тартқан төбе, тарақан, дәлізде жатқан балалар. Ақтаудағы балалар ауруханасындағы сұмдық жағдай тексерушілердің жағасын ұстатты

Маңғыстау облысындағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 10 жыл бойы ешбір жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Науқас балалардың ата-аналар да емдеу мекемесінде жатуға жағдай жоқ деп шағымданады. Шілдеде жүргізілген мониторинг нәтижесі аурухананы жөндеуге қажетті қаржа жоқтығы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Кір-қожалақ қабырға, сыз тартқан төбе, сапасы нашар медициналық құралдар. Дәл осындай жағдайда кішкентай пациенттер ем-шара қолдану мәжбүр. Емдеу мекемесінің ғимаратында 10 жыл бұрын ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Басшылықтың айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы жеткіліксіз екенін айтады.

Бес айлық қызымен осы ауруханада жатқан Анна Кадырова қажетті препараттар болмағанын, жағдайдың өте қиын болғанын айтады.

"Медбикелер сөйлесуге де қорқады. Олар өздеріне жақындамаған соң,  күйінген емделушілер ашуын кімнен аларын білмейді. Құлаған қабырға, жарылған төбе, тіпті баламызды шомылдыратын ыстық су да жоқ. Дәрінің көбін өзім сатып алдым. Аурухана басшылығы бұл жағдайдан хабардар. Мәселені шешу үшін жөндеуге ақша сұрап, облыс әкімдігіне жыл сайын хат жолдайды. Бірақ қаржы тапшы. Мысалы, балалар мен ересектерге арналған жұқпалы аурулар емханасының биылғы бюджеті 273 миллион теңге. Бұл - былтырғыдан 80 миллионға аз", - дейді ол.

«NUR OTAN» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау қызметі инспекторы Айжан Искакова жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жоқтығына қатысты облыстық әкімшілік пен денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен кездесті. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланыста алдын-ала жоба-смета дайындалды. Аурухана мәселесін шеу үшін 450 миллион теңге қажет екенін де атап өтті. 

"Бұл - Елбасының тапсырмасы. Партия мүшелері жұқпалы аурулар емханасын жөндеу үшін жол картасын дайындап қойды. Ендігі уақытта әр облыс филиалындағы партия мүшелері аймақты емдеу мекемелерінің барлығын тексеруді қолға алады", - Айжан Искакова.

Ал арнайы мониторнгтік топтың төрайымы Рухия Алдонгарованың сөзінше, смета дұрыс жасалмаған жағдайда қаржы дұрыс бөлінбейді, сондықтан қабілетті инвесторлар арқылы мәселені шешуге болады.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...