Ақтауда садақа жәшіктеріндегі ақша заңсыз діни қызметке жұмсалған
Полицейлер Ақтау сауда орындарында қойылған қайырымдылық жәшіктерін тексерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осындай жәшіктерден жиналған ақша заңсыз діни сабақтар өткізуге жұмсалғаны белгілі болды, деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
"Осы тектес жәшіктерге жиналған қаражаттың заңсыз діни сабақтар өткізуге жұмсалғаны анықталды. Сондай-ақ деструктивті діни ағымды жақтаушылар "қайырымдылық жинау" арқылы террористік, экстремистік ұйымдарға қаржылай демеушілік жасағаны туралы деректер де бар", - деп хабарлайды полиция.
Маңғыстау облысының полиция департаменті заңсыз әрекеттер үшін Қылмыстық кодекстің 258-бабында жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, мешіттерде орналасқан арнайы қайырымдылық жәшіктеріне садақа жасауға кеңес берді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген