Ақтауда Ресей азаматынан діни әдебиет пен есірткі тәркіленді
Ішкі істер министрлігі Ресей азаматынан діни әдебиет пен есірткі тәркіленгенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 жастағы Ресей азаматы есірткі сатты деген күдікпен ұсталған.
"Тексеру барысында қалтасынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, діни кітап, тәсбих және жалдап тұрып жатқан үйіне тінту кезінде арабша жазылған діни парақша мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді", – делінген хабарламада.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі "Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бабымен тіркелді. Қазір сараптамалар тағайындалды, тексеріс жүріп жатыр.
Талқылау