Ақтауда патрульдік полициядан көлікпен қашқан 13 жастағы жасөспірім ұсталды
7 ақпан таңғы уақытта 30 және 19-шы шағын ауданда 13 жастағы жасөспірім жол ережелерін сақтамай, Toyota Pradо автокөлігін жүргізген. Тәртіп сақшыларының ескертуіне тоқтамаған ол жылдамдықты қосып қаша жөнелген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Назарға ілінген жасөспірім полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, жауапкершіліктен жалтару мақсатында қашуға әрекеттенген.
Полицейлердің мәліметінше кейін ол көп ұзамай полицияның қосымша күштерінің көмегімен 30-шы шағын ауданда тоқтатылған.
“Тексеру барысында жүргізуші 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторларға тапсырып, заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақтады. Автокөлік айып тұраққа жабылды”, – деді ведомство.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген