Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда киелі жерлерге барып, жоғалып кеткен Алматы тұрғыны табылды

Маңғыстау облысында өткен аптада Ақтаудағы киелі жерлерге барып, жоғалып кеткен Алматы қаласының тұрғыны Мажтай Жаханшах табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 жастағы алматылық жігіт 1 маусым күні Ақтау мен Маңғыстау облысының арасынан табылған.

"Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, оған медициналық көмек қажет емес", – деп түсіндірді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар жігітті бір апта іздеді. Іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 25 адамы, үш техника, кинологтардың екі тобы, әкімдік пен ТЖД қызметкерлерінен тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары, еріктілер қатысқанын хабарлады

Талқылау