Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қанға боялған өлі итбалық табылды

Ақтауда жағалаудан қала тұрғыны қанға боялған өлі итбалық тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Теңіз жағасында итімді қыдыртып келе жатқанмын.15-ші ықшамаудандағы қонақүйге қарама-қарсы келе жатып, қоқыс жәшігінің жанынан өлі итбалықты көріп қалдым. Тұмсығы сынып, қан боялып жатты. Оның өлі денесін қоқыс жәшігіне біреудің алып келгені белгілі", - деді қала тұрғыны.

Жергілікті тұрғындар бірден арнайы мамандарды шақырған. Адамдар итбалық жарақат алған деп болжады.

Экологтар итбалықтың өлексесі ыдырай бастағандықтан, жануардың өлімінің себебін анықтау мүмкін емес екенін айтты.

"Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағында бақылау жұмыстарын жалғастыруда. 30 мамырда итбалық өлексесі табылған жерге жұмыс тобы келді, оның ішінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығының өкілдері бар. Теңіз жануарының өлексесі қатты ыдырау жағдайында болғандықтан итбалық өлімінің себебін анықтау үшін гистологиялық сынамаларды алу мүмкін болмады", – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, итбалықтарға қатыгездікпен қарау фактілері бұған дейін Ақтауда тіркелген болатын.

Талқылау