Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 5 жасар қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

Полиция қызметкерлері 28-ші ықшамауданда 5 жасар қызға тиіскен ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

20 шілдеде 32 үйдің жанындағы ойын алаңында ойнап жүрген қызға ер кісі тиісе бастаған. Мұны көрген басқа балалар қыздың үйіне жүгіріп барып, әкесіне хабарлаған. 

"Ер адамды мейрамхананың жанында ұстады. Сол сәтте полиция қызметкерлері жетті", — дейді куәгерлер. 

Маңғыстау полиция осындай оқиғаның орын алғанын растады. 

"Қазіргі уақытта қаскүнем тергеу изоляторында. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр", — деп хабарлады Маңғыстау облысындағы полиция қызметкерлері. 

Әзірге қыздың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жоқ. 

Талқылау