Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда бүлдіршінді жұлқылаған тіс дәрігері жұмыстан кетті

Балаға қаталдық танытқаны үшін Ақтау облыстық стоматологиялық орталығының дәрігері жұмыстан босатылды.

Желіде тісін емдетуге келген кішкентай баланы жұлқылап ұрған дәрігердің видеосы пайда болды

Бұл туралы орталық директоры Қуат Машырықов мәлімдеді.

«Видеоны көргенде мен шошып кеттім. Мен бірден айттым - бап бойынша қылмыскерді жұмыстан босату керек. Сөзсіз, ол кінәлі», - деді Қуат Машырықов облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінің сайтында өткен брифингте.

Ол оқиғаға дейін орталық басшылығы жас дәрігерді емдеудің заманауи әдістерін білетін перспективалы маман ретінде сипаттағанын атап өтті.

«Ол өз ісін бірден мойындады, жұмыстан кететінін айтты. Оның айтуынша, оның ниеті жаман болмаған. Бірақ жағдай осылай аяқталды. Бұған дейін дәрігердің атына шағымдар ешқашан түскен жоқ», - деп келтіреді Қуат Машырықов.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін дәрігердің өзі және орталық өкілдері зардап шеккен баланың анасынан кешірім сұраған. Алайда әйел дәрігерді кешіруден бас тартты.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша балада тіс дәрігері соққыға жыққан болуы мүмкін деген болжаммен сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде тиісті шаралар қабылданады.

Полицияның мәліметінше, дәрігер бұл оқиға үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығында бақылау камераларынан дәрігерді баланы жұлқылап жатқан видеосы таралған еді. Маңғыстаулық тіс дәрігері балаға дөрекілік көрсеткен себебін түсіндірді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Түрмеде қатты арықтап кеттік": Нигериялық азаматтар Қарағанды полициясынан 50 мың доллар дауламақ

Олар аппеляциялық сотта ақталып шықты

Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей өңірінде -33 градус аяз күтіледі

Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Ол адам ағзаларын заңсыз алды деп күдіктелуде

Оралда бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Алматы облысының тұрғына 79 жастағы туысын гір тасымен ұрып өлтірген

Зейнеткерді өлтіріп, көңнің астына көміп қойыпты

Таразда 12 жасар қыз зорланды: Күдікті бұрын да зорлық жасаған боп шықты

Ол 17 жасында зорлық жасағаны үшін сотталған

Анасы сегіз кішкентай баласын пәтерде бірнеше күнге қалдырып кеткен

Алты айдан сегіз жасқа дейінгі балалар суық үйден табылды

Ақтөбеде қызметкер қарттар мен мүгедектердің банктік карталарынан ақша шешіп отырған

Әлеуметтік қызметкер зейнеткерлердің сеніміне кірген

Бензинмен от жақпақ болған: ШҚО-да 8 жастағы баланың беті мен қолы күйіп қалды

Бүлдіршін ауруханада жатыр

Арыста баспаналары апатты деп танылған ондаған үй иелері қыста далада қалғалы тұр

Билік ол үйлерге жөндеу жасамаймыз деп ұйғарыпты
Çàãðóçêà...