Ақтауда баланы қағып жазым еткен айыпталушы бір жылға бас бостандығынан айырылды
Ақтауда баланы қағып жазым еткен жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның кінәсін мойындап, соттылығының болмауын ескерді деп хабарлайды Stan.kz ақпарт ангенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.

Сот отырысында прокурор айпталушыны бес жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталушының өзі және оның қорғаушысы соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар – кінәсін мойындау, соттылығының болмауы, оның оң сипаттамасы деп таныды.
Сот үкімімен жәбірленуші тараптың пікірі ескеріліп, үш жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген