Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда әпкесі мен інісі еріктілердің көмегімен 27 жылдан кейін қайта табысты

Астрахань қаласының тұрғыны Анатолий Самохвалов 27 жылдан кейін әпкесін Ақтау қаласынан тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

телефон

Анатолий Самохвалов бір ай бұрын Lider.kz еріктілер тобына жүгініп, ағасы Геннадийді тауып беруді сұрапты. Ер адамның сөзінше, ата-анасы, әпкесі мен ағасы Астрахань қаласынан Ақтауға көшкен, алайда кейін жақындарымен байланыса алмапты. 

Ғаламтордағы хабарламалар, хаттар арқылы еріктілер бір айдан кейін Анатолийдің әпкесі Любовь Владимировна Шевченконы іздеп таба алған. Әпкесінің сөзінше, ағасы Геннадий мен ата-анасы қайтыс болған. Ал Любовьтің өзі Анатолиймен қайта жүздесуден үмітін үзіпті. 

Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер мен құзырлы орган қызметкерлерінің арқасында олар 27 жылдан кейін қайта табысты. Олар 20 ақпанда телефон арқылы сөйлесіпті. Енді Любовь інісімен кездесуге баруы мүмкін. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 21 Ақпан, 2023 10:24