Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 5 жастағы қыз ата-анасының көзінше суға батып кеткен

Ақтауда солдат жағажайында бес жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

батып кетті

Ата-анасымен теңізге түсуге барған бес жасар бүлдіршін қас пен көздің арасында суға батып, тұншығып қалған. Өкінішке орай, бала жедел жәрдем келіп жеткенше жан тапсырыпты.  

Бұл жағажайда арнайы құтқару жасағы жоқ екені, тіпті шомылуға арнайы жабдықталмағаны анықталған. Қазір қайғылы жағдайдың қалай болғаны анықталып жатыр.

"Приморский шағын ауданында Ақтау қаласындағы "Солдатский пляж" жағалауынан баланың мәйіті куәгерлермен судан шығарылды. Ол 27 маусым күні суға шомылу кезінде жабдықталмаған жерде суға батып кетті", - деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Талқылау