Ақсу ферроқорытпа зауытында ірі өрт болды: Зардап шеккендер бар
"Қазхром" АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытында болған өрт кезінде өрт сөндіруші зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғары температура салдарынан цехтің төбесі опырылып түскен. Салдарынан бір өрт сөндіруші зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.
"№15 белгіде аккумулятор бөлмесінде шамамен 50 шаршы метр аумақта жабдықтар мен сорғы майы жанып жатыр", - делінген хабарламада.
Ақсуда ферроқорытпа зауытындағы өрт туралы "Қазхром" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Сағат 16.00-де Ақсу ферроқорытпа зауытында №4 балқыту цехында №41 пештің трансформаторында өрт шықты. Өрт кәсіпорынның төтенше жағдайлар қызметі мен Ақсу қаласының өрт сөндіру бөлімінің күшімен оқшауланды", - делінген хабарламада.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар басқармасының басшылығымен штаб құрылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады