Ақшаны іш киіміне тығып үлгерген ұры ұсталды

Алматы облысында тәжірибелі ұры ұсталды. Бірнеше минуттың ішінде ол 50 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап үлгерген. Оқиға шағын несие беретін мекемеде орын алыпты. Ақшаның жоғалғандығын байқаған қызметкерлердің бірі шұғыл түрде дабыл қаққан. Артынша сол жердегі ер азамат ұсталыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қылмыскер ақшаны шұлыңы мен іш киіміне салып үлгерген. Ол ешкімге білдіртпей ақшамен сыртқа шығып бара жатқан жерінен ұсталыпты. Ақшаның жетіспеушілігін байқаған сәтте, қызметкерлер есіктердің барлығын жауып үлгерген. Ұры сол уақытта ұсталса да өз кінәсін мойындамай тұрып алған. Кейіннен ол сырт киімдерін шешіп, тыққан жерінен ақшаны шығарып берген. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері оны тергеу учаскесіне алып келген. 

«Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін ұсталған болатын. Қазіргі таңда оның үстіне ҚР ҚК-ның 188 «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы облысы полиция департаментігінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты 

"Moody's" халықаралық рейтингтік агенттігі "Банк ЦентрКредит" АҚ рейтингін халықаралық шкала бойынша растады.

Сайқымазақ Саматты ұрған студент оқудан шығарылды

Сайқымазақ Кроханы сирек кездесетін генетикалық аурумен ауырады

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Би туралы қызықты деректер

Майамиде бір уақытта 119 986 адам конга биін билеген

Қыздарға кеңес: Жігіттер танысудың бірнеше жолын айтты

Әңгімені бастаудың ең жақсы тәсілі - адамды мақтау

Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы Cоколовтың өзіне қол салмақшы болғаны видеоға түсіп қалған

Полицейлер ұстаз енді бұлай істемейді деп сендірді

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Блогерлер кінәлі деп ойламаймын

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Қылмыскерді өзі ұстап, полицияға хабарлаған

Жер туралы қызықты деректер

Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі

Теледидарды қосып қалған анасы жоғалып кеткен қызын көріп қалған

Қызы Денвер қаласында үйі жоқ адамға айналыпты
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр