Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қара базарда шаурма сатқан: Анасы Қайрат Нұртастың байлыққа қалай қол жеткізгенін айтты

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың ақша табатын нәрсе болса болды, еңбектің түрін таңдамайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

Әншілердің арасында сахналық және сәнді киім сататындар жетерлік. Солардың басында тұрғандардың бірі Қайрат Нұртас. Әншінің осы күнге дейінгі жасамаған саудасы, сатпаған тауары қалмаған шығар. Анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың ептілігі мен еңбекқорлығы жұғысты болды ма әйтеуір жігіттің бизнесте жолы болғыш.

«Дәмхана ашып жүрген уақыттар да болды. Шаурманы тауықтан істейді ғой. Сатушылар жасап қояды да, ертесі күні әртүрлі жағдаймен жұмысқа шыға алмай қалып жатса, амал жоқ сасып кететін болғаннан соң Қайраттан сата аласың ба деп сұраймын. Еш уақытта жоқ деп айтпайды. Ақша табатын нәрсе болса болды. Өмірінде істеп көрмеген нәрсені Қайратқа үйретіп, жас бала болса да Қайраттың саудасы жақсы жүреді», - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Ең алғаш ақшасын қара базарда шаурма сатып бастаған әнші өткеніне қысылмайтын көрінеді. Бүгінде қымбат көлік мініп, өзінің брендін өндіріп жүрген Қайраттың бизнесін қалай бастағаны белгілі болды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр