Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жалаң қолмен аюмен арпалысқа түскен (видео)

АҚШ-тың Флорида штатының тұрғыны жалаң қолмен аюмен арпалысқа түскен. Жануардың үйге жасаған шабуылы видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аю

Ер адамның ержүректігі әлеуметтік желі қолданушыларының таңдасын тудырды. Себебі ол еш ойланбастан жалаң қолмен аюды қуып жіберген. 

Кадрлардан аюдың ашық тұрған есік арқылы үйге кіргенін көруге болады. Мұны байқаған ер адам иттері мен үйін қорғау үшін аюды итеріп жібереді. Жануар үй иесінің денесін тырнап, жарақаттаған. 

Флорида штатының тұрғыны үйін және иттерін қорғап қалған. Аюды итеріп шығарған соң, орындықпен есікті жауып қалған. Бұдан кейін ол полиция мен жануарларды қорғау ұйымына хабарласқан. Мамандар жабайы жануарды іздеу жұмыстарын бастаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында қасқырдың ер адамға шапқаны туралы хабарлаған едік. Үй иесінің дауысын естіген көршісі қасқырды балтамен ұрып өлтірген. 

Талқылау